2021 жылғы 28 маусымда санитарлық нормаларды сақтай отырып, біріктірілген форматта Ғылыми кеңес өтті, онда 2020-2021 оқу жылының қорытындысы шығарылды.
Онлайн режимінде МАК төрағаларының МАК жұмысы туралы есептері оқылды.

Проректорлар мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары оқу-әдістемелік, ғылыми-техникалық кеңестердің жұмыс қорытындысы туралы есеп берді.
Оқу-әдістемелік басқарма 2020-2021 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының нәтижесі бойынша өз қорытындыларын шығарды.
