Қарағанды облысы білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» АҒПО БҚББ орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша 2023 жылдың 23-25 желтоқсан аралығында 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі және 2024 жылдың 4-6 қаңтар күндері республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңі өтті.
Академияның қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м., Б.А.Абылбаева Олимпиаданың қазылар алқасының құрамында болды.
«Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі» бойынша жүргізілген олимпиада екі турдан тұрды. І турда:
- Оқылымда 4 тапсырма;
- Тыңдалымда 4 тапсырма;
- Жазылымда көрсетілген тақырыптар бойынша жазылған эссе жұмыстары тексерілсе;
ІІ турда:
- Айтылымда берілген тақырыптар бойынша монолог;
- Тілдесімде диолог (сұрақ-жауап) және сурет бойынша жүргізілген жұмыстар қабылданып, тексерілді.
«Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі» секциясына Қарағанды облысы бойынша 36 оқушы қатысты. Берілген тапсырмалар әр сынып оқушыларының білімдері мен дағдыларына қойылатын бағдарламалық талаптарға сәйкес келеді және соны барынша дұрыс орындауға тырысқан. Әсіресе тілге деген құрмет, қазақ тілін оқуға деген құлшыныс байқалады. Қазылар алқасы да әділ бағаларын беріп, жеңімпаздарды анықтады.
Олимпиада Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 46 «А» мекен-жайында орналасқан «Мұрагер» мектеп-интернатында өтті.