2022 жылдың 8 сәуірінде Қарағанды-Сұрыптау станциясында полиция бөлімінде идеологиялық және имидждік жұмыс аясында запастағы полковник, философия ғылымдарының докторы, Академия ЖББП кафедрасының профессоры Нәби Елікбайұлы Елікбаев “Құқықтық мәдениет: құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті дамытудың негізгі факторы ” тақырыбында дәріс оқыды. Іс-шара Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыруға байланысты. “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидасына сәйкес полиция қызметкерлері халықпен ашық диалог жүргізе білуі тиіс. Бұл үшін қызметкерлерге бірінші кезекте құқықтық мәдениет қажет. Полиция қызметкерлерінің құқықтық мәдениеті құндылықтардан, құқықтық идеялардан, сенімдерден, мінез-құлық нормаларынан, олардың қызметін реттеу үшін қолданылатын құқықтық дәстүрлер жүйесінен тұрады. Құқықтық мәдениет пен құқықтық сана моральмен тығыз байланысты. ЖПБ қызметкерлері ғылым докторларын қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, мазмұнды жауаптар алды. Мұндай кездесулер жалғаса бермек.
You may also like
Биылғы жылы Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының ректорлық стипендиясының иегерлері:Құрбанәлі Нұрай Маратқызы, ИН-21-2 тобы, (оқу үздігі, Академия қызметіне белсенді қатысады, “Bolashаq” […]
2024 жылғы 2 қыркүйекте “Bolashaq” академиясының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері тікелей эфир арқылы ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауымен танысты. Барлық […]
Медицина ғылымдарының докторы фармацевтикалық пәндер кафедрасының профессоры Тнимова Гульбагиза Тауфиковна: “Өз жақындарын қиын сәтте тастамау – бұл Қазақстан халқының қанында, оның гендері […]
Ақпанның 1 – і мен 14-і аралығында” Bolashaq ” академиясы студенттері арасында онлайн форматта Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған мәнерлеп оқу байқауы […]