2024 жылғы 6 қыркүйекте “Педагогика” кафедрасының эдвайзерлері С. С. Шутенова мен А.М. Тәжинин орыс бөлімшесінің “Педагогика және психология”, “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” және “мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” білім беру бағдарламаларының студенттерімен “Мықты отбасы – мықты мемлекет”тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағаттың мақсаты: отбасылық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, “Отбасы” және “Мемлекет”ұғымдарының өзара байланысын түсіну.
Кураторлық сағат барысында студенттермен әр адамның өміріндегі отбасының маңыздылығы туралы әңгіме жүргізілді. Отбасы кейін келе мемлекеттің сыртқы келбеті мен сипатына тікелей әсер ететін құндылықтарды, нормалар мен қатынастарды бейнелейді және қалыптастырады.