13 наурызда “Bolashaq” Академиясы қабырғасында “ӨРКЕН” балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының ұйымдастыруымен “Менің Бауырым” волонтерлік жобасын кезең-кезеңімен кеңейту бойынша офлайн оқыту өтті. Оқытуды жүргізгендер:


Алматы қаласы “ӨРКЕН” балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтынан Л.А.Култаева мен Қарағанды филиалы өкілі Г.Б.Какенова.


✅Офлайн оқытуда “Bolashaq” Академиясының еріктілер клубының мүшелері болды! Еріктілер қатарында Академия бойынша барлық білім беру бағдарламасы студенттері қатысты.
✅Бұл волонтерлік жобаның мақсаттарының бірі мектеп оқушылары үшін қолайлы және дамушы білім беру ортасын құруға бағытталған әртүрлі бастамаларға студенттердің белсенді қатысуын болжайды.
✅Оқыту барысында түрлі ойындар ойналып: Мектеп жасындағы балалардың моральдық және психикалық күйін қалай анықтау керек? Олармен қалай жұмыс істеу керек? – деген сияқты сұрақтарға студенттер жауап алды!



✅Семинар сонында студенттер Бекзат Құнанбайдың орындауындағы “Бауыр керек” әнін шырқап, өз көңіл-күйлерін жеткізді.
🔰 “Bolashaq ” Академиясының студенттері жастарды “Менің Бауырым” жобасына ат-салысуға шақырады🔰