2019 жылдың 28 қарашасында “Bolashaq” академиясында “Гарант” ЖДҚБ бастамасымен “Қарағанды облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шараларды өткізу”тақырыбы бойынша мемлекеттік грантты іске асыру нәтижелері туралы жария есепті талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел аясында мемлекеттік грантты іске асыру нәтижелері, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған ұсыныстар талқыланды.

