19 қыркүйекте «Bolashaq» Академиясында оқытушылар құрамы, студенттер және Қарағанды қаласы Жастар ресурстары орталығы сонымен бірге Қарағанды қаласының мансаптық орталығымен бірлесе отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын және мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Кездесуге Қарағанды қаласы Жастар ресурстық орталығының директоры Джамалов Якуб Хамидович, ДП Сәтбаев жанындағы Бірыңғай отбасылық көмек орталығының басшысы -Алпысбаева Гүлбану Ратайқызы, Бірыңғай жанұяға көмек көрсету орталығы әйелдер полициясы бөлімшесінің әйелдер құқығын қорғау инспекторы- Жанель Айнұр Асқарқызы қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар жаһандану кезеңінде бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды даярлау өте маңызды екеніне тоқтала кетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жаңа Жолдауында мұның ерекшелігін атап өткен болатын.
Жолдауда белгіленген жаңа мақсаттар азаматтардың әл-ауқатын арттыру мәселелерін шешуге бағытталғаны белгілі. Кездесу қонақтары жаңа бағдарламалық құжаттың осылай аталуы кездейсоқ емес, басты назар елдегі тұрақты экономикалық өсімге бағытталғандығын, осы мақсатта орта бизнесті дамыту, берік индустриялық негіз құру, экспортты ынталандыру, макроэкономикалық саясатты қайта жүктеу және т.б. міндеттерді дәйекті түрде талдап, студенттердің сұрақтарына тұщымды жауап берді.