11 сәуірде “Қаржы” кафедрасының аға эдвайзері А.Е. Тайлақ Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Жолдауды талқылау аясында Президент ұсынған барлық 10 бастама қаралды.
Оныншы бағыт: дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар туралы егжей-тегжейлі зерделенді. Бұл шаралар, ең алдымен, экономикалық тұрақтылықтың негізгі факторы ретінде ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты. Экономикалық, сол сияқты саяси салаларда да шынайы бәсекелестік жағдайында ғана мүмкін болатын халықтың әл-ауқатының өсуіне зор көңіл бөлу қажет.

Кураторлық сағаттың соңында саяси жаңғырту стратегиясын ескере отырып, экономика мен мемлекеттік басқарудағы құрылымдық реформалардың жаңа пакетін әзірлеу және іске асыру айтарлықтай дәрежеде жаңа Қазақстанның құрылуына ықпал етеді деген қорытынды жасалды.