2022 жылдың 13 қазанында «Bolashaq» Академиясы, фармация кафедрасының аға оқытушылары: Темиреева К.С., Тукубаева Г.Н., сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиет кафедрасының аға оқытушысы Смагулова М.С. Әлихан Бөкейханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді, іс-шараға мұғалімдер мен 11-ші сыныптан 42 оқушы қатысты. Шара өткізу барысында «Bolashaq» академиясының буклеттері, сондай-ақ «Лимонад» журналы таратылды. Кафедра оқытушылары талапкерлерді қабылдау ережесімен, бітіргеннен кейін оқу бағдарламасы бойынша қайда қызмет жасай алатындарын, кітапхана қорымен қамтамасыз етілуін және ұтқырлық мүмкіндіктерімен, жас ғалымдар мен студенттерге арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу жайында ақпарат берді.
Сонымен қатар, фармацевтикалық пәндер кафедрасының дәріхана және зертханалармен қамтамасыз етілуі туралы, білім беру бағдарламасы бойынша өндірістік практикадан өту үшін, әртүрлі кәсіпорындар мен мед/фарм компанияларымен, қазақ-тілі әдебиеті кафедрасы бойынша мектептермен, бала-бақшалармен, басқа да ұйымдармен келісімшарт негізінде практикадан өту туралы мәлімет берілді. ФМ19-2 тобының студенттері Асанова Г.Қ., Қабдолла А.М. және ФМ21-2 тобының Кусаинова А.Т., Жұматай Ж. «Bolashaq» академиясы туралы бейнеролик көрсетіп, студенттік өмір жайлы (спорттық, хореографиялық үйірмелер; волонтерлік қызмет; поэзия клубтары, және т.б.) ақпарат берді, қызықты сұрақтар қойылып, викторина ойындары өткізілді, дұрыс жауапқа сыйлықтар берілді. Студент Асанова Г.К. Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясында өткен ғылыми-халықаралық студенттік конференцияға қатысып, жүлделі орынға ие болғанын, және академияның атынан жол ақысы, тұруы және тамақтануы толықтай төленгенін айтты. Кусаинова А.Т. арнайы пәндер бойынша жыл сайынғы облыстық олимпиада өткізілетінін және биология пәнінен қатысып,жүлделі орынды иеленіп, бірінші курста тегін оқуға сертификат алғаны туралы айтып өтті. Іс-шара соңында мектеп оқушылары академияға түсу, төлемақы туралы және т.б сұрақтарын қойды.