23 жылы педагогика ғылымдарының магистрі, Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушысы Әбілжан Алтынай Болатқызы “Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл” тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағатқа 1, 2 және 3 курс студенттері қатысты.
Іс-шараның мақсаты: көрнекті қазақ ақыны, аудармашы, әдебиеттанушы және балалар жазушысы, Қазақстанның тұңғыш Мемлекеттік әнұранының авторларының бірі Мұзафар Әлімбаев туралы есте сақтау және әңгімелесу.
Міндеті:
-студенттердің мәдени және шығармашылық қызметін жандандыру;
-студенттердің тарихты зерттеуге және еліміздің көрнекті қайраткерлерін еске алуға деген -қызығушылығын ояту;
-адамның төзімділік, ізгі ниет, жанашырлық, парасаттылық, мейірімділік, достық сияқты адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу;
-елдің тарихы мен мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру.
Кураторлық сағат барлық қатысушылар үшін өте танымдық түрде болды.

