2023 жылғы 28 қыркүйекте М.Әуезов атындағы Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі КММ – де “Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі” ММ-нің қолдауымен ұлы жазушы, қоғам қайраткері М.О.Әуезовтің туғанына 126 жыл толуына орай “Мұхтар Әуезов мұрасы – ұлт қазынасы” атты конференция өтті. Жиынға “Bolashaq” Академиясы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Қ.З. Сембиев және К – 21 тобының студенттері қатысты. Конференцияда Қ.З.Сембиев “М.Әуезовтің “Абай жолы” романындағы лексикалық қолданыстар” тақырыбында баяндама жасады.


Конференция соңында қатысушылар ұлы жазушының ғылыми зерттеулері туралы пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ,”Абай әлемі ” тележобасының бағдарламасында к -21 оқу тобының студенті Шари Қымбат М.О. Әуезовтің шығармашылығы туралы өз ойларын ортаға салды.