29 мамырда «Bolashaq» Академиясында «Кураторлық қызмет, оның міндеттері және ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында академиялық топтардың кураторларына арналған семинар – тренинг өткізілді.

Семинар мақсаты:
– Кураторлық қызмет және оның негізгі міндеттері мен ұйымдастырушылық ерекшеліктерімен таныстыру;


– Кураторлардың педагогикалық шеберлігін арттыру арқылы тәрбие формалары мен әдістерін жетілдіру;
– Кураторларға ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастыруды ұйымдастыру жұмыстары бойынша әдістемелік көмек беру.
ӘТЖ проректоры Р.Н. Исмаилова “Педагог-куратор құжаттары” тақырыбында баяндама жасап кураторлардың жыл бойына толтырылатын іс қағаздары мен толтыру жолдарын түсіндіріп, таныстырды.


Семинар барысында педагог-кураторлар С.К. Мекадилова., Г.К. Отыншиева ., Г.Н.Тукубаевалар “Студенттермен жүргізілетін жұмыс формалары” тақырыбында баяндама жасап, іс тәжірибесімен бөлісті, рефлексия жасалды.

Педагог-кураторларға арналған семинар-тренинг жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті.