30 мамырда “Bolashaq” Академиясында аға кураторлар мен академиялық топтардың кураторларымен кеңейтілген отырыс өтті.
Отырыста қаралған мәселелер:
- Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жұмыстарды орындау;
- Ағымдағы оқу жылында өткізілген іс-шаралар туралы топтың әрбір кураторының есебі;
- Күндізгі және қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша оқу ақысын төлеу;
- Күндізгі және қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша түлектермен жұмыс;
Отырысты академияның ӘТЖ жөніндегі проректоры Р.Н.Исмаилова ашты, ол ағымдағы оқу жылында кураторлар тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталып, тиісті деңгейде баға берді.
Тәрбие жұмысындағы кураторлардың негізгі міндеті-ұлттық сана, мәдениет, парасаттылық, ар-ождан, еңбекқорлықты қалыптастыратын азаматтарды тәрбиелеу.
Студенттің жеке басын, мінезін, бейімділігін, қабілетін, өмірлік тәжірибесін, білім багажын, өмірлік перспективаға көзқарасын, әр студенттің тұрмыстық және материалдық жағдайын жан-жақты зерттеу.
Проректор кураторлар жұмысының жалпы қорытындысы бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға жоғары баға берді. Сондай-ақ, семестр қорытындысы бойынша кафедраның аға кураторларына атқарылған жұмыстар туралы есепті, кураторлық журналды және басқа да қажетті құжаттарды уақтылы ұсыну тапсырылды.
Әрі қарай, күндізгі және қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша әр топтың кураторлары жеке есеп берді. Төлем жасаумен айналысатын студенттермен тығыз жұмыс істеу тапсырылды. Отырыста кураторларға бұл мәселені тезірек шешуге көмектесу маңызды екендігі атап өтілді.
Одан әрі түлектермен “Диплом тапсыру”кешіне қатысты мәселелер қозғалды. Бітіру тобының кураторларына іс-шараны ұйымдастыруға қатысты кейбір міндеттер жүктелді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, қатысып отырған кураторлардың ұсыныстары мен талаптары назарға алынды.
- Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, қатысып отырған кураторлардың ұсыныстары мен талаптары назарға алынды.