Халықаралық ынтымақтастық

2023 жылғы 30 мамырда “Bolashaq” Академиясы 2006 жылдан бастап жүргізіп келе жатқан және қазіргі уақытқа дейін жалғасып келе жатқан “Карлаг: болашақ үшін естелік” жобасының (жобаның авторы және ғылыми жетекшісі – ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, з.ғ. д., профессор Н.О. Дулатбеков) қызметі шеңберінде академия ғалымдары бірлесіп Джон фон Нейман университетінің Еуразиялық орталығының зерттеушілері (Будапешт, Венгрия) Саболч Верешпен және Шандор Шереметпен Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында болып қайтты. Олар интерактивті болып табылатын және жас зерттеушілерге – мектеп оқушыларына, студенттерге, магистрлерге жаппай саяси қуғын-сүргіннің тарихи кезеңі туралы құнды мәліметтер алуға көмектесетін “Карлаг: болашақ үшін естелік” жобасының залымен танысты. Нұрлан Орынбасарұлының: “Біз Қарлаг тарихы бойынша жиналған қолға түскен материалдарды, мұрағаттық мәліметтер мен өмірбаяндарды жариялауға тырысамыз. Біздің басты мақсатымыз-еліміздің аумағында болып жатқан оқиғаларға баға беру емес, болашақ ұрпақ үшін сол кездер туралы деректі мәліметтерді сақтау”, деген сөзі назар аударарлық.

30 мамырда, деп атап өтті венгриялық әріптестеріміз, – біз саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына баруға мүмкіндік алдық. Егжей-тегжейлі, кәсіби түрде құрастырылған экспозицияның, мұражай қызметкерлері жүргізген экскурсияның және әріптестерімізбен жемісті әңгімелесудің арқасында біз көптеген маңызды тарихи ақпаратты білдік және қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау мақсатында жүргізіп жатқан қарағандылық әріптестердің орасан зор ғылыми еңбегін көре алдық. Бұл біз үшін Будапештке оралғаннан кейін айтатын өте маңызды тәжірибе болды. Ұйымдастырушыларға, қабылдаушы тарапқа, мұражай қызметкерлеріне және жеке Нұрлан Орынбасарұлына жылы және кәсіби маңызды қабылдауы үшін алғыс білдіреміз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.