КІТАПХАНАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ӘҢГІМЕЛЕР

2022 жылғы 1 қараша мен 8 қараша аралығында Академия кітапханасында ИРБИС64 электронды базасымен және республикалық ЖОО аралық кітапханамен (РЖЭК) танысу бойынша таныстыру әңгімелесулері өтті.

Республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхананы құру туралы меморандум

Осы Меморандум оның қатысушыларының республиканың жоғары оқу орындарының электрондық білім беру ресурстарын бірыңғай ақпараттық жүйеге – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапханаға (РЖЭК) біріктіру жөніндегі уағдаластықтары мен ниеттерін бекіту мақсатында – профессор-оқытушылар құрамын, студенттерді, бакалавриатты, магистратураны заманауи ақпараттық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету үшін жасалды.

“Республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана” мекемесінің Жарғысы. Бұдан әрі “Мекеме” деп аталатын “Республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана” мекемесі Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығының бастамасы бойынша құрылды және қызметтің еріктілігі, өзін-өзі басқаруы, есептілігі, заңдылығы мен жариялылығы негізінде әрекет етеді. Мемлекеттік емес, коммерциялық емес ұйым болып табылады және жарғыда көзделген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мақсатында құрылған.

ИРБИС64 біздің кітапхананың бүкіл қорын көрсетеді.

Осы әңгімелесулерде қатысушылар іс жүзінде өздері үшін ең тиімді жолмен іздеуді қалай жүргізуге болатынын көруге мүмкіндік алды. Фармацевтикалық пәндер кафедрасының белсенділігін ерекше атап өткім келеді. Бізге құқықтық және қаржылық пәндер кафедраларының, педагогика кафедрасының өкілдері келді.

Біздің ақпарат барлық қонақтарымыз үшін пайдалы болды деп үміттенеміз.

Сіздерді тағы да кітапханада күтеміз!

Естеріңізге сала кетейік, біздің еншімізде 15 қарашадағы тағы бір күн қалды (әңгімелесу сағаттары 14:00, 15:00,16:00)

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.