2023 жылдың 11 наурызында “Bolashaq” Академиясының фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары мен студенттері Қарағанды облыстық жоғары медбикелік колледжінің студенттерімен кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Кәсіптік бағдар беру жұмысы колледжді фармацевтикалық бағытта бітірген түлектер арасында жүргізілді. Оларға біздің академияға түсуге ниет білдірген талапкерлерге ақпараттық буклеттер таратылды. Қабылдау ережелері, оқу ақысы және фармацевтикалық пәндер кафедрасы, Фармация 6В10101 оқу бағдарламасы бойынша оқитын студенттер қай бағытта жұмыс істей алатындығы туралы толық ақпарат берілді. Іс-шараға академия студенттері қатысып, біздің оқу орнымыздың студенттерге арналған мүмкіндіктері мен жеңілдіктері туралы айтып берді. Колледж студенттерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.
You may also like
2010 жылдың қазан айында қызметтің шектелген жасына жеткеннен кейін мен ішкі істер органдарынан кетіп қалдым. Адвокаттық қызметпен айналысу үшін қажетті құжаттарға ие […]
1988 жылдан 1994 жылға дейін “Bolashaq” академиясының заң пәндері кафедрасының меңгерушісі Қабжанов Ақылбек Тайболатұлы Ұлттық зерттеу Томск мемлекеттік университетінің философия факультетінде оқыды. […]
Төрт жыл бойы Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының бітіруші курс студенттеріне “IELTS үшін ағылшын тілі” пәні оқытылды. Оның кафедраның білім беру […]