4 қазанда “Bolashaq” академиясының Студенттік парламенті Қарағанды облысы бойынша “Jas Otan” жастар қанатының төрағасы Ержан Болатұлы Хамитовпен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу достық атмосферада өтті. Студенттер Республикасының министрлері қызықтырған сұрақтар қойып, бірқатар ұсыныстар енгізді. Ержан Болатұлы студенттердің сұрақтарына жауап беріп, Студенттік Парламент ұсынған жобаны іске асыру бойынша жоспар белгілеп берді.
“Jas Otan” жастар қанатының төрағасымен кездесу нәтижесі біздің академия қабырғасында “Nur Otan” партиясы жанындағы “Jas Otan” жастар қанатының филиалын ашу туралы шешім болды.