«Студенттік ғылым 2019» республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференциясы

2019 жылы 28-29 қарашада “Мирас” университетінде «2019 Студенттік ғылым» атты республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференцияның мақсаты оқушылар, студенттер, магистранттар және жас ғалымдар арасында шығармашылық белсенділікті дамыту, оларды қазіргі ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту, сонымен қатар студенттер мен жас ғалымдардың білім беру және ғылыми байланыстарын дамытуға ықпал ету болып табылады. Конференция аясында дөңгелек үстелдер, дизайнерлік жұмыстар көрмесі, студенттік ғылыми жобалар көрмесі, мамандармен кездесу, семинарлар, секциялар жұмысы жоспарлануда.

Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысуға өтінімдер (қоса берілген үлгі бойынша), баяндамалардың мәтіндері басып шығарылған және электронды нұсқаларда 2019 жылдың 10 қарашасына дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Шымкент қаласы, Сапақ Датқа көшесі № 2, “Мирас” университеті, Әкімшілік ғимараты – 1 қабат, конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы: Шалбаева Акмира Рахматуллаевна

Анықтама телефондары: 8 (7252) 43-82-66; с. тел.: +77011885890 e-mail: shalbaeva_a@miras.edu.kz

Баяндамалар конференция материалдарының жинағында (жинақтың электрондық нұсқасы) жарияланып, конференция соңында барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық хат қоса беріледі:

АҚПАРАТТЫҚ-ХАТ-т_СҒПК_2019-1

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.