Төртінші ақпан күні Ержан Болатұлының төрағалығымен Jas Otan ЖҚ-ның кезекті жиналысы өтті.

Жиналысқа әр ЖОО-ның жетекшілері мен белсенді Jas Otanдықтар қатысты.
Жиын барысында өткен жыл бойынша атқарылған шаралар туралы ақпарат беріліп, алдағы жылдағы жоспарлар талқыланды. Сонымен қатар белсенді мүшелерге Jas Otan ЖҚ-ның төрағасы Дәулет Кәрібектің арнайы алғыс хаттары табысталды.


“Bolashaq” академиясынан Jas Otan ЖҚ-ның төрайымы Айболған Жолтай мен Bolashaq студенттік Республикасының Президенті Мағрұпжан Бексұлтан шақырту алып, Дәулет Кәрібектің алғыс хатымен марапатталды.
