19 қыркүйекте «Bolashaq» Академиясында «Интернет алаяқтық», «Нашақорлыққа қарсы күрес» тақырыбында ауқымды семинар өтті.
Семинарға «Bolashaq» Академиясы профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері және Қарағанды облысының ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Ашимов Махсат Исатайұлы , КПБ аға жедел уәкілі полиция майоры Тулибергенов Айбол Серікович қатысты.
Осыған орай білім ордаларында ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлері: интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар, интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері мен есірткіге қатысты түрлі іс-шаралар көптеп өткізілуде. Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні бәріңізге белгілі.
Жасөспірімдерге есірткінің зияны туралы айтылатын пайдалы жиындарды өткізу, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алуға болады.
Семинарда Ашимов М.И. «Нашақорлыққа қарсы күрес» тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар Тулибергенов А.С. «Интернет алаяқтық» бойынша баяндама жасап,студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Студенттерге маңызды ақпараттар бере отырып, адамдарды алдау үшін алаяқтардың «Instagram», «Facebook», «Telegram», «Вконтакте» әлеуметтік желілерін, «OLX.KZ», «MARKET.KZ», «KOLESA.KZ», «KRISHA.KZ» сайттарын және «What’s App» мессенджері мен жалған интернет-дүкендері, «фейк» парақшалары туралы ақпараттандырды.