2022 жылғы 9 қарашада “Bolashаq” Академиясында ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Г.А. Қадырованың бастамасымен және басшылығымен “Индекстеу, Scopus және Web of Science-пен жұмыс” ғылыми-практикалық семинары өтті.

Семинардың спикері э.ғ.к., құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының доценті, Германияда 03.06.2019 бастап “Экономика докторы” шетелдік нострификациясы бар Шевякова А.Л. (Хирша индексі Scopus -4; WoS-2) болды.


Семинарда келесі мәселелер қаралды:
- Ғалымды индекстеу және анықтау дегеніміз не.
- Неліктен orchid қажет.
- Scopus және Web of Science: өзіңізді қалай табуға және журналды тексеруге болады.
Семинар тақырыбы оқытушылар үшін қызықты болды, презентациядан кейін қатысты және өзекті мәселелер талқыланды.

