2024 жылдың 23 сәуірінде Қарағанды облысы Білім басқармасының жоспарына сәйкес, «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми–практикалық орталығының ұйымдасытурымен 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының облыстық кезеңін өткізділді.

Байқауға аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары, облыстық мамандандырылған мектеп оқушылары қатысты.



«Bolashaq» Академиясы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессоры Қ.З.Сембиев және аға оқытушы Қ.Қ.Жанузахова аталған іс-шараға қазылық етіп қайтты.
