16 қыркүйекте еліміздің 19 қаласында халыққа заң көмегін көрсету бойынша “Халық заңгері” тегін жалпыұлттық әлеуметтік маңызы бар акциясы өтті.


Іс-шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі,Zakon.kz желілік басылымы, “Параграф” Ақпараттық жүйесі , мемлекеттік билік органдары, белгілі заңгерлер мен адвокаттар ұйымдастырды.
Жобаның мақсаты-азаматтардың, әсіресе халықтың осал топтары: тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға, жалғыз басты аналарға, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне, студенттерге және басқаларға құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.



Аталған іс-шараға “Bolashaq” академиясының Ю-19-2 тобының студенттері ерікті-заңгерлер ретінде қатысты
Барлық жүгінген азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді, заңнама нормаларына кеңестер мен түсініктемелер берілді.