Нұр-сұлтан қаласының “Саналы-Өмір” әлеуметтік-білім беру қорының бастамасымен жастар арасында ағартушылық қызмет үшін волонтерлерді даярлау бағыттарының бірі болып табылатын СӨЖ –салауатты өмір салты ( салауатты әдеттерді қалыптастырудың жаңа тәсілдері) тақырыптары бойынша “Bolashaq” академиясының гуманистік педагогика клубының студенттерінің оқытуы болып өтті.

“Саналы-Өмір” әлеуметтік-білім беру қоры мен “Bolashaq” Академиясының бірлескен жұмысының нәтижесі гуманистік педагогика клубы студенттерінің Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған “Мен жастарға сенемін” ІX Республикалық патриоттық форумы аясындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы “Еліміздің инновациялық дамуына қосқан менің нақты үлесім”атты жыл сайынғы студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар байқауына қатысуы болды.



Гуманистік педагогика клубының студенттері “Мультипликациялық фильмдер салауатты өмір салтын қалыптастыру құралы ретінде” (мультфильмдер “SANALY-OMIR” әлеуметтік-білім беру қорымен ұсынылған, әдістеме Қазақстан мектептеріне бейімделген)” тақырыбында ғылыми жоба дайындады. Гуманистік педагогика клубы мүшелері Жампеисова Лаураның (ДОВ-19-1) және Драпова Иринаның (ДОВ-21-1к)” байқау жұмыстары “Еліміздің инновациялық дамуына қосқан менің нақты үлесім ” номинациясында атап өтілді.
Іс-шара соңында сертификаттар берілді.
