Фармацевтикалық пәндер кафедрасының кәсіби бағдар беру жұмысы

2021 жылғы 29 наурызда Қарағанды қаласының № 81 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушыларымен он-лайн форматында кездесу өтті.

Фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Жанна Серікқызы Ержанова мектеп түлектерін “Bolashaq” академиясының”Фармация” білім беру бағдарламасымен таныстырды.

Кездесу барысында оқушылар Академияға түсу және оқу шарттары, оқытушылар құрамы, студенттік өмір және ЖОО-дағы қызықты іс-шаралар, барлық білім беру бағдарламаларының түлектерін жұмысқа орналастыру туралы білді.

Мектеп түлектері ақпаратқа үлкен қызығушылық танытты, көптеген сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.