“Психология, педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасы дуальды білім беруді жүзеге асыру аясында “№ 23 жалпы білім беретін мектеп” КММ базасында кафедра филиалының қызметін жалғастыруда. Кафедраның аға оқытушылары Сарбасова К.А., Жапанова Р.Н. филиал базасында ПМНО-19-2 тобымен “Бастауыш мектептегі қазақ тілін оқыту әдістемесі” және “Көркем еңбекті оқытудың теориясы мен әдістемесі” пәндері бойынша практикалық сабақтар өткізеді. Шағын сабақтарда студенттер жаңартылған бағдарлама бойынша оқытудың заманауи: оқыту, қарым-қатынас, жоба, белсенді оқыту әдістері және т. б. әдістерін қолданады.
Дуальды оқыту формасы таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім алуды тікелей мектептердегі практикалық жұмыспен ұштастыра отырып, теориялық және практикалық дайындықты практикаға бағдарлану қағидаты бойынша оқу процесінде біріктіруге мүмкіндік береді. Тәжірибе мен теорияның өзара әрекеті бүкіл оқу процесінде жалғасады. Практикалық дайындықтың рөлін арттырудың арқасында болашақ мамандар оқу процесінде мұғалімдермен бірге мектептегі мәселелерді талқылайды.