14 мамыр күні ДОВ-20-2 тобы дипломалды практикасының қорытынды конференциясы өтті. Практика жетекшісі п.ғ.к., доцент Шалтаева Роза Жиембаевна.
Конференцияға «Педагогика» кафедрасының оқытушылары қатысты:
каф.менгеруші, п.ғ.к., доцент А .С. Абдрахманова, п.ғ.к., доцент Шалтаева Р.Ж. , п.ғ.м, аға оқытушы Жанысбаева Р.М., п.ғ.м, аға оқытушы Таликова Г.Т., ОӘБ басшысы Алексеева Е.А.
«Диплом алдындағы практика» 08.04.2024-10.05.2024ж. аралығында Қарағанды қаласының ҚМҚК «Айгөлек» бөбекжайында өтті.
Диплом алдындағы тәжірибе 6В01201 “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу”, білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттерді даярлау процесінің маңызды қорытынды кезеңі, сондықтан практиканың басты мақсаты-оқу-тәрбие процесі кезінде, сондай-ақ ғылыми психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша зерттеу жүргізу кезінде алынған кәсіби құзыреттіліктерді жүзеге асыру болып табылды.
Диплом алдындағы практика кезінде материалды іріктеу және дипломдық жұмысты қорғауға дайындық, жеке тапсырмаларды орындау кезінде де, әртүрлі дереккөздер мен арнайы әдебиеттерді зерттеу арқылы жүзеге асырылды.
Диплом алдындағы практиканы аяқтай отырып, студенттер өзінің біліктілігіне сәйкес келетін өндірістік міндеттерді шеше білді.
Бұл практика студенттердің кәсіптік жұмыс дағдыларын тереңдетуге және дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық бөлігін дайындауға бағытталған. Жалпы тапсырманы орындау: әдіснамалық аппаратты құрастыру және кейіннен дипломдық зерттеу тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып ғылыми зерттеу схемасын жазу.
Әбіш Толғанай мен Бөкен Алтанцэцэг, біліктілік жұмысы тақырыбы бойынша зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін түсіндіре білді, сонымен қатар алынған мәліметтерді жүйелеп және нақтылай білді. Толғанай мен Алтанцэцэг есеп берді (өзінің эксперименттік жұмысы бойынша) біліктілік жұмысы тақырыбы бойынша зерттеу нәтижелерін рәсімдеп, тәжірибе бойынша қорытынды жасап, презентация арқылы жұмыстарын айқындады.
Әбіш Толғанай: “Серуен кезіндегі құрастырған жоспар бойынша қимыл-қозғалыс ойындары және эстафеталық ойындарды қолдандым; қимыл-қозғалыс ойындарында дене қасиеттерін дамыту үшін ең қолайлы жағдайлар жасалды: топтағы балалар, дене жаттығуларын үлкен қызығушылықпен бірнеше рет орындады, бұл балалардың дене қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етті. Сонымен бірге балалардың тілін дамыту, санау жаттығулары, кеңістікті бағдарлау және т.б түрлі тапсырмалар орындалды. Серуен барысында мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу жұмыстары жоспарланып, жүргізілді”.
Бөкен Алтанцэцэг: “Практика барысында «Дәстүрлі емес сурет салу әдістері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ моторикасын дамыту» тақырыбы бойынша диплом жұмысына материал жинап, зерттеу жұмыстарың жүргіздім.
Тәжірибе соңында алға қойған мақсаттарым мен міндеттерімдіжүзеге асыруға мүмкіндік туды, мектеп жасына дейінгі балалар әртүрлі тапсырмаларды ынтамен орындады, маған барлық жағынан көмектесуге, тапсырмаларды тиянақты орындауға тырысты.
Практикадан өту кезіндегі балабақшада жұмыстары маған қуаныш сыйлап, шығармашылық, актерлік және ұйымдастырушылық қабілеттерімді жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Кафедра оқытушыларына, әсіресе Роза Мазраповнаға, Роза Жиембаевнаға, Жанна Мухаметхановнаға алғысым шексіз!».
п.ғ.к., доцент Шалтаева Р.Ж.