Қарағанды “Bolashaq” Академиясының 1,2 курс студенттерінің қатысуымен
“Дін және жастар” және “Жат діни ағымдардан интернет кеңістігінде сақтану жолдары” тақырыбында ақпараттық түсіндіру кездесуі өтті.


Әңгіме барысында экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл нысандары, әлеуметтік желілерде діни экстремизмнің алдын алу әдістері туралы ақпарат берілді.


Экстремистік ұйымдар деструктивті идеяларды тарату үшін “Интернет” желісін қолданатыны атап өтілді. Басты қауіп-экстремистік идеологияны тарату мақсатында жастардың санасына әсер ету әрекеті.
Спикер ретінде республикалық АТТ мүшелері Нығыман Ж.Ә. және Мұқан С.М. шақырылды.