

11.11.2022 «Bolashaq» академиясының Қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасының студенттері филология ғылымдарының докторы, профессор, дінтанушы Әбдуов Мұхаммедғали Ілиясұлымен «Дін -тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге кафедра меңгерушісі Қ.З Сембиев пен кафедра оқытушылары қатысты.


Аталған іс -шарада М.І Әбдуов студенттерге рухани тазалықтың, ар- ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі дін екенін түсіндіре отырып, адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, кемелденуі, қартаюы, ата -ана мен баланың қарым қатынасы,сыйластығы, т.б. мәселелерге қатысты діннің құндылығын насихаттады.
