4 желтоқсанда “Қазақстан Республикасында отбасылық соттар құрудың проблемалары мен перспективалары” тақырыбында “Әділет”студенттік ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы өтті.
Үйірме отырысын заң пәндері кафедрасының доценті Қ. Қ. Садыкова өткізді.
Үйірме отырысында “Ұлт жоспары – 100 нақты қадам” іске асыру аясында сот жүйесін реформалау, отбасылық соттарды құру және неке бұзу процестері кезінде бітімгерлік рәсімдерді қолдану мәселелері қаралды.
Доцент К. К. Садыкова отбасылық соттардың пайда болу тарихы туралы айтып, осы соттар жұмыс істеп жатқан басқа елдердің тәжірибесіне тоқталды
Статистика бойынша біздің елімізде әрбір үшінші неке бұзылады,ажырасу ұлғаю үрдісі бар. Некені (ерлі-зайыптылықты) негізсіз бұзуды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты ” отбасылық сот”пилоттық жобасына бастама жасады. Пилоттық жоба шеңберінде некені бұзуға тілек білдірген ерлі-зайыптылар алдымен бітімгермен әңгімелеседі, ал сот талқылауы жалғасқан жағдайда отбасылық даулар бойынша психологтың кеңесін алады. Бұл механизм ажырасу санын қысқартуға мүмкіндік береді, отбасыларды сақтауға ықпал етеді, – деді доцент Қ. Қ. Садыкова.
Үйірме отырысына қатысушылар талқыланған тақырып аясында пікір алмасып, неке бұзу үдерісі бойынша статистиканы қарастырды, бейнематериалдарды қарады.
Отырыс қорытындысы бойынша Қ. Қ. Садықова отбасылық соттар құру отбасы институтының мәртебесін нығайтуға және арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Үйірме отырысы еркін жағдайда өтті. Қатысушылардың ерекше қызығушылығын бітімгерлік рәсімдерін қолдану мәселелері тудырды.