Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деген болатын. Салт-санадағы ұлттық бренд болуға лайықты ұлттық код дәстүр мен ғұрып болып табылады. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», – делінген Елбасы мақаласында. Ұлттық код – рухани болмыс кілті. Ұлттық код дегеніміз не? Бүгінде кең қолданылатын код деген сөзді құлыпты ашатын құпия кілт ұғымында түсінуге болар. Демек, қазақтың ұлттық коды деп қазақ халқының жаратылысын, табиғаты, дәстүрін айтамыз. Жобаның мақсаты; ұмыт болғанын салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды заманға сай түрлендіру. Және, қазақтың ұлттық асханасының ерекшелігі мен құндылықтарын кеңінен дәріптеу.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
1 Ұлттық рухты, патриотизмді, тәлім-тәрбиені дәріптейтін қазақтың
салт-дәстүрлерін жаңғырту;
2 Жалпы халықтық рухани құндылықтарды күшейту;
3 Жас ұрпаққа ұлттық құндылықтармен қатар қазақ асханасының пайдалылығын дәріптеу.