ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысына қатысу

2022 жылдың 6 сәуірінде Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері: з.ғ.к., қауымдастырылған профессор, “Bolashaq” академиясының стратегиялық даму жөніндегі проректоры Г. М. Рысмағамбетова және з.ғ.м., “Руханият” ҒЗО директоры А. У. Аупенова онлайн форматта ғылыми-сараптамалық кеңестің жұмыс отырысына қатысты Қазақстан халқы Ассамблеясының “Жаңа Қазақстанды пайымдау контекстіндегі ұлттық құрылыс процестері” тақырыбына арналған семинар-тренинг өтті.

Жұмыс отырысына қатысушылар: ҚХАХ өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР АҚДМ, ЭЗИ, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі, өңірлердің ғылыми-сарапшылық топтары, ҚХА кафедраларының қауымдастығы, РММ және “Қоғамдық келісім”КММ өкілдері.

Жұмыс отырысының модераторы ҚХА ҒСК төрайымы, “Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты” ЖШС директорының орынбасары А.К. Садвокасова болды.

ҚХА төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.А. Әзілханов құттықтау сөз сөйледі.

Жұмыс отырысының спикерлері ҚХА ҒСК мүшесі, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Е.А. Абил; ҚХА ҒСК Төрағасының ғылыми бағдарламаларды дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары, әлеуметтану ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, профессор З.К. Шаукенова; ҚХА ҒСК мүшесі, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты А.М. Фазылжанова болды.

Іс-шараның барысы туралы толығырақ Қазақстан халқы Ассамблеясының сайтына сілтеме арқылы танысуға болады: https://assembly.kz/ru/news/sostoyalos-rabochee-zasedanie-nauchno-ekspertnogo-soveta-ank/

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.