2024 жылдың 20 ақпанында фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары “Дәріханада жөтелмен ауыратын науқас. Фармацевтикалық кеңес беру әдістемесі” тақырыбындағы семинарға қатысты. Семинарды Polpharma Халықаралық фармацевтикалық тобының құрамына кіретін Santo фармацевтикалық компаниясы ұйымдастырды. Өткізу форматы: Мәскеу қаласынан және Қазақстанның 5 облыс орталықтарынан телекөпір арқылы.
Жедел және созылмалы жөтелмен ауыратын науқастарға фармацевтикалық кеңес беру және ақпараттандыру ерекшеліктеріне арналған семинарды медицина ғылымдарының кандидаты, пульмонолог дәрігер, “Клиникалық микробиологтар мен фармакологтар Альянсы” АНО Басқарма мүшесі Гучев Игорь Анатольевич өткізді, Мәскеу қ., Ресей.
Семинар тақырыбы өте өзекті, өйткені қазіргі уақытта жұртшылықтың барлық жас ерекшелік кезеңдерінде респираторлық вирустық инфекциялармен сырқаттанушылықтың өсуі байқалуда. Дәріскер GPP ережелерінде заңмен бекітілген бірінші дәрежелі фармацевтердің құқықтары мен міндеттеріне өте егжей-тегжейлі тоқталды. Доктор Гусев тыңдаушыларға жөтелмен ауыратын науқаспен сөйлескен кездегі фармацевт әрекеттерінің алгоритмін егжей-тегжейлі түсіндірді. Ол фармацевт әрдайым отандық өндірушілерге басымдық бере отырып, рецептсіз тиімді, сапалы және қауіпсіз дәрі-дәрмектерді ұсынуы керек екенін атап өтті. Семинар соңында тыңдаушылар Santo компаниясының “Амбро”, “Азитро”, “Цеф III” және т.б. препараттарын қолдану бойынша нақтылайтын сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды.
Қатысушылардың назарына ұсынылған білім беру іс-шарасы қазақстандық медициналық және фармацевтикалық қоғамдастық үшін маңызды оқиға болды.