Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 24 қыркүйекте Ашық есік күнін онлайн форматта өткізеді.
Әрбір адам арнайы онлайн-платформаның көмегімен осы іс-шараға үйден шықпай-ақ қатыса алады.
Іс-шараның тақырыбы – “Жеке зейнетақы жоспары-жаңа ұрпақтың тренді”. Іс-шараның негізгі аудиториясы БЖЗҚ-ның электрондық қызметтерінің артықшылықтары туралы білмейтін салымшылар болуы тиіс.
Қазіргі уақытта бүкіл зейнетақы жүйесін дамытудың маңызды міндеттерінің бірі зейнетақыны жоспарлау болып табылады. Жасыратыны жоқ, қазір 25 жасқа толмаған жастар өздерінің кәрілігі туралы сирек ойлайды. Алайда уақыт өте тез өтеді. Сондықтан болашақта өз болашағыңызға инвестиция салудың пайдасын көру үшін зейнетақыңызды жас кезінде жоспарлау қажет. Бүгінгі студенттер, ертеңгі жас мамандар тұрақты жарналармен бірге жұмыс берушімен ресми жалақы мен еңбек шарты олардың болашақтағы табыстылығының кепілі екенін білуі керек.
Іс-шара барысында оған қатысушылар “зейнетақы калькуляторының” көмегімен бүгінгі күннің өзінде қарттыққа қалай әсер етуге болатынын жеке мысал арқылы көре алады.
Колледж, жоғары оқу орындарының студенттерін және жастарды біздің іс-шарамызға шақырамыз!
Бұл сіз үшін қызғылықты!
Күні мен уақыты: 24 Қыркүйек 2021 ж.
-11.00 -14.00 (мемлекеттік тілде)
-12.00 -15.00 (орыс тілінде)
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға www.bit.ly/enpfakmo бойынша өту, одан кейін 2513 423 1145 event-кеңес нөмірін және 1212 event-кеңес паролін енгізу керек.
Follow by EmailFacebookYOUTUBEInstagram