ҰБТ (МАУСЫМ) ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША АҚПАРАТ

«Bolashaq» академиясы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге (маусым) өтініштерді орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілеріне, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілерінен қабылдайды.

ҰБТ-2020 ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

1) Өтініш қабылдау мерзімдері өзгертілді: 20 сәуір – 10 мамыр аралығы;

2) ҰБТ-ға қатысу үшін білім туралы құжат түпнұсқасының орнына Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар мен ағымдағы жылы орта білімді шетелде аяқтайтын түлектер өзі оқитын орта білім беру ұйымынан мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен еркін нысанда анықтама тапсырады;

3) 086-У нысандағы медициналық анықтама бекітілген электрондық форматқа ауыстырылды;

4) ҰБТ-ның қағаз сертификаты электронды сертификатпен ауыстырылды;

5) Тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған затпен анықталған түсуші сол тестілеуге жіберілмейді және ағымдағы жылы ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылады;

6) Тестілеу барысында аудиторияда тыйым салынған затпен анықталған тестіленушінің нәтижесі жойылады және ағымдағы жылы ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылады;

7) Тестілеуге өз орнына «бөтен тұлғаны» кіргізуге талпынған және кіргізген түсушілерге ағымдағы жылы ҰБТ тапсыруға рұқсат етілмейді;

8) ҰБТ аяқталғаннан кейін  күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін бейнебақылау жазбаларына талдау жүргізіледі. Түсуші тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда, оның ҰБТ мен білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері жойылады.

ҰБТ МЕРЗІМІ

Төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты құжат қабылдау 20 сәуірден 10 мамырды қоса алғандағы мерзімде жүзеге асырылады.

ҰБТ-ҒА ӨТІНІШ БЕРУ

1 қадам. Міндетті түрде онлайн режимде алдын-ала өтініш беру керек :

  • ent2020-tipo.testcenter.kz сайтында тіркеу батырмасын басу және электрондық поштаны көрсету;
  • Электрондық поштаға келген логин және парольмен сайтта авторизациялану;
  • ЖСН көрсету және сәйкестендіріуден өту  (егер ЖСН бойынша деректер табылмаса немесе қате көрсетілген жағдайда, онда Сіз алдын ала өтініш берме алмайсыз қабылдау комиссиясына мәлеметтеріңізді беру арқылы жүргізу қажет). Оқу орнын шетелде бітірген ағымдағы жылдың түлектері, соның ішінде ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар да алдын ала өтініш бере алмайды, қабылдау комиссиясына хабарласып өтініш береді;
  • Интерфейске тіркеу мәліметтерін енгізу керек;
  • Мына тәсілдің біреуімен төлем жасау керек: банк картасы немесе  Kaspi.kz сайты арқылы. Тестілеу бағасы– 2242 теңге;

Өтініштің бірегей нөмірін жазып алу және техникалық хатшыға хабарлау.

2қадам (Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін)

ЖОО-ның қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыру:

  1. Өтініш (ЖОО-да беріледі);
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. 3 x 4 өлшемдегі екі фотосурет;
  4. Орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжатты (түпнұсқа);
  5. 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, электронды нысанда.

РҰҚСАТТАМА АЛУ

Рұқсаттама алу үшін ЖОО-ның қабылдау комиссиясына бару қажет (ТЖ режимі аяқталғаннан кейін)

Рұқсаттаманы алғаннан кейін тексеру қажет:

  1. ТАӘ (бар болған жағдайда);
  2. Жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді (қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларына өтініш берген тұлғалар үшін);
  3. Тестілеу тапсыру тілі.

Мәліметтер дұрыс болмаған жағдайда ЖОО-ның қабылдау комиссиясына хабарлау қажет.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

  • Министрлік өкілінің рұқсатынсыз және алып жүруінсіз аудиториядан шығуға;
  • Сөйлесуге, орын ауыстыруға, тестілеу материалдарымен алмасуға, аудиториядан алып шығуға;
  • Ұялы байланыс құралдарын және басқа да электрондық құралдарын, оқу-әдістемелік құралдарды, шпаргалкаларды, калькуляторды пайдалануына;
  • Тестілеу материалдарын (жауап парағы мен кітапшалар) умаждауға, беттерді жыртуға;
  • корректор сұйықтығын қолдануға, жауап парағының бояуға қарастырылмаған секторларын бояу (жауап парағының нөмірі) арқылы бүлдіруге;
  • Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде  тестілеу материалдарын уақытында кезекшіге тапсыру, тапсырмаған жағдайда нәтижелер қабылданбайды;
  • Қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге.

ТОЛЫҚ ОҚЫТУ МЕРЗІМІНЕ ТҮСУШІЛЕР ҮШІН ҰБТ ФОРМАТЫ

«(қалауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде)

Міндетті пәндер: Математикалық сауаттылық;Қазақстан тарихы;Оқу сауаттылығы. Ұсынылған бес  жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты табу қажет. Әр пән бойынша тапсырмалар саны – 20.Екі бейіндік пән. 1-20 тапсырмалар аралығында ұсынылған бес  жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты табу қажет. 21-30 тапсырмалар аралығында бір немесе бірнеше дұрыс жауапты табу қажет. Әр бейіндік пән бойынша тапсырмалар саны – 30.

IELTS – 6.0, TOEFL ITP шекті балл- 310-нан кем емес, TOEFL IBT – 79-дан кем емес халықаралық сертификаттары бар адамдар қалауы бойынша «Шет тілі (ағылшын)» бейіндік пәнін тапсырудан босатылады.

Тестілеу уақыты – 3 сағат 50 минут.

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ОҚЫТУ МЕРЗІМІНЕ ТҮСУШІЛЕР ҮШІН

ҰБТ ФОРМАТЫ

(қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде)

Жалпы кәсіптік пән Ұсынылған бес  жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты табу қажет. Пән бойынша тапсырмалар саны – 20        Арнайы пән 1-20 тапсырмалар аралығында ұсынылған бес  жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты табу қажет; 21-30 тапсырмалар аралығында бір немесе бірнеше (6-дан көп емес) дұрыс жауапты табу қажет; 31-40 ситуациялық тапсырмалардан бір дұрыс жауапты табу қажет.

IELTS – 6.0, TOEFL ITP шекті балл- 310-нан кем емес, TOEFL IBT – 79-дан кем емес халықаралық сертификаттары бар адамдар қалауы бойынша «Шет тілі (ағылшын)»  арнайы пән бойынша тестілеу тапсырудан босатылады.

Тестілеу уақыты – 1 сағат 40 минут.

НӘТИЖЕЛЕР

  • Мемлекеттік комиссиямен сол күні хабарланады;
  • Тестілеу өткізу орнындағы ақпараттық тақтаға ілінеді;
  • Бланк түріндегі сертификат берілмейді;
  • Тестілеу нәтижесімен www.testcenter.kz сайтында танысуға болады (тестіленушінің ТЖК мен  ЖСН енгізу арқылы);
  • Нәтижемен келіспеген жағдайда, тестіленуші апелляцияға өтініш бере алады.

АПЕЛЛЯЦИЯ

Апелляция өтініштері ҰБТ нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады.

Апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:

Мазмұны бойынша:

1) дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмесе (дұрыс жауаптың нұсқасы көрсетіледі);

2) дұрыс жауап болмаса;

3) берілген барлық жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмаларында бірден көп дұрыс жауап болса (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);

4) тест тапсырмасы дұрыс құрылмаса;

5) тест тапсырмасы шартының фрагменті (мәтін, сызба, суреттер, кестелер) табылмаса, соның нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау мүмкін болмағанда.

Техникалық себептер бойынша:

1) дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер екі және одан көп дөңгелекше ретінде оқыса;

2) дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер бос дөңгелекше ретінде оқыса;

3) жауап парағында ақау болғанда.

АРНАУЛЫ ЕМТИХАНДАР

Түсушілерден құжат қабылдау және арнаулы емтихан өткізу «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша «Bolashaq» академиясында жүзеге асырылады. Мерзімі: 20 маусым мен 24 тамыз аралығы

ЖОҒАРЫ БІЛІМНІҢ БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН БЕРУ КОНКУРСЫ

Білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін түсуші қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген үлгідегі бланкіде немесе web-қосымша жүйесі арқылы өтінішті;

2) білімі туралы құжатты (төлнұсқа);

3) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы (электронды);

4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

5) IELTS, TOEFL IBT, TOEFL ITP халықаралық сертификаттарының көшірмесін (бар болған жағдайда).

Өтініш қабылдау: 13-20 шілде аралығы

Өткізу мерзімі: 21 шілде мен 1 тамыз аралығы

«BOLASHAQ» АКАДЕМИЯСЫНА ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ

Түсушілерді «Bolashaq» академиясына оқуға қабылдау күнтізбелік жылдың 10 – 25 тамыз аралығында өткізіледі.

ЖОО-ның қабылдау комиссиясына түсуші қабылдау туралы өтінішпен бірге келесі құжаттарды қоса тапсырады:

1) жалпы орта, техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжатын (төлнұсқа);

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосуретін;

4) 086-У нысанындағы электронды медициналық анықтаманы;

5) ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)»білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);

6) білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса);

7) IELTS, TOEFL IBT, TOEFL ITP халықаралық сертификаттары (бар болған жағдайда).

Байланыс телефондары:

8 (7212) 42-04-21 факс

8 (7212) 42-04-25 приемная ректора

8 (7212) 42-04-35 приемная комиссия

87003050209;

E-mail: ku_bolashak@mail.ru

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.