«Bolashaq» Академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы Білім сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) Атамекен-2023 рейтингісінде 5-орында

«Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісі – 2023» ұлттық рейтингісіне «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасынан республика көлемінде 34 ЖОО өтінім беріп, «Bolashaq» академиясының аталған бағдарламасы 5-орынға лайық деп танылды.

Түлектердің мансаптық перспективасы, яғни жұмыспен қамтылу деңгейі және жалақы мөлшері, статистикалық деректер және студенттер жетістігі, түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіші және жұмыс іздеу ұзақтығы сияқты ең өзекті деген тағы да басқа критерийлердің мұқият талданатыны, барынша сарапқа салынатыны бұл рейтинг қорытындысының республикамызда қаншалықты маңызды екенін аңғартады. Шындығында да, әрбір білім беру бағдарламасының миссиясы осындай нақты нәтижеге бағытталып жатады. Осы тұрғыдан келгенде, «Bolashaq» академиясындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының ең басты ұстанымы заманауи талаптармен үндесіп жатқаны ұлт мүддесіне қызмет етіп жүрген мұндағы мамандарға шабыт берері сөзсіз.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы аясында жастарға сапалы білім, салиқалы тәрбие беруімізге барынша мүмкіндік жасап отырған ЖОО басшылығына және жұдырықтай жұмылған барша әріптесімізге алғыс білдіреміз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.