“Bolashaq” академиясы “Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды облысының полиция департаменті” ММ-мен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойды.

Осы Меморандумның мәні Қарағанды облысында жобаларды іске асыруға бағытталған әріптестік қатынастарды орнату және ұзақ мерзімді, тиімді ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Тараптар жалпы қабылданған практиканы негізге ала отырып, тең құқықтық, ізгі ниет, құрмет және сенім негізінде ынтымақтастықты іске асыруға ниеттенеді.

“Bolashaq” академиясы және “ҚР ІІМ Қарағанды облысының полиция департаменті” ММ осы Меморандумды іске асыру барысында өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
