11.10.2021 жылдан 29.10.2021 жылға дейін “Bolashaq” академиясының заң пәндері кафедрасының доценті, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Әбдіжами Айтуған Жұмахметқызы “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2021” республикалық гранты бойынша жылдық ғылыми жоспарды орындау аясында “Салыстырмалы құқықтық тәжірибе және зерттеулер” ҒО – да халықаралық ғылыми тағылымдамадан, сондай-ақ “Antalya Bіlіm University” заң факультетінде (Анталья қ., Түркия Республикасы) біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Ректормен, профессор Исмаил Юксекпен, заң факультетінің деканы, профессор Ахмет Низаметтин Ақтаймен және “Antalya Bіlіm University” профессор-оқытушылар құрамымен кездесу барысында гуманитарлық, әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдары саласындағы бірлескен зерттеу жобаларын, студенттердің, оқытушылардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру бойынша оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу мәселелері талқыланды.
Кітапхана ғимараты, футкордтардың үлкен аймағы, екі үлкен футбол алаңы, бірқатар теннис корттары, стадион, аурухана, егіс және анар алқаптары, мал шаруашылығы мен егіншілік аймақтары, қазіргі заманғы студенттер үйлері кіретін кампустың аумағы ерекше назар аударады.
Салыстырмалы түрде жас университет өте қарқынды дамып келеді және мұнда ынтымақтастық пен тәжірибе алуға жол ашық. Біздің делегация сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламалары мен жобаларын іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Бірлескен халықаралық ынтымақтастық білім беру саясатының неғұрлым табысты тәжірибесімен және үздік практикаларымен (benchmarking) алмасу жасай отырып, жалпы мәселелер мен міндеттерді шешу үшін әріптестік, ресурстарды (зияткерлік және т.б.) тарту және біріктіру арқылы білім берудің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды.
Тағылымдамадан өту кезінде Айтуған Жұмахметқызы шетелдік ЖОО профессорларының дәрістеріне қатысып, Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша шолу дәрістерін өткізді.
Жемісті жұмыстың нәтижесінде түрік университетінің профессорларымен бірге түрме жұмысы мәселелері бойынша заңнамаларды салыстырмалы талдау тақырыбында ғылыми мақала шығару жоспарлануда.
Қауымдастырылған профессор А.Ж. Әбдіжами ғылыми тағылымдамадан өту нәтижесінде сертификаттар алды.
А.Ж. Әбдіжами академия басшылығы тарапынан ректор, ф.ғ.к., профессор Қ. Н.Меңлібаевқа, статегиялық даму бойынша проректор, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.М. Рысмағамбетоваға, заң пәндері кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., профессор А. Т. Қабжановқа және өз кафедрасына ұсынылған мүмкіндік пен қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.