“Қазақстандағы көші-қон мен еңбек ұтқырлығын басқаруды жетілдіру”

2021 жылғы 28-29 қазанда “Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы” РМК Қарағанды өңірлік филиалында Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) мен Халықаралық даму қорының бірлескен жобасы шеңберінде “Қазақстандағы көші-қон және еңбек ұтқырлығын басқаруды жетілдіру” тақырыбында семинар өтті. Оған заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы С. И. Көпжасарова қатысты.

Курс 2017-2021 жылдарға арналған “Өндірістік жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде “Оңтүстік-солтүстікке көшу бағдарламасының” тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға байланысты бірнеше жобаларды қамтыды.

Семинарды сертификатталған арнайы жаттықтырушылар, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облыстық бөлімшесінің доценті Болат Сыздық және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қолданбалы зерттеулер жөніндегі халықаралық әріптестік орталығы директорының орынбасары Әсемгүл Мұсатаева өткізді.

Екі күндік курс барысында қатысушылар бірнеше сессияға бөлінген: “Осалдықтарды анықтау және көші-қон процесінде көмекке қажеттілік”, “Көші-қонның барлық кезеңдерінде қолдау, көмек бағдарламаларын мониторингілеу және бағалау” екі модулін зерттеді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табысталды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.