
«Bolashaq» Академиясының заң пәндері кафедрасының 3 курс докторанты Нұрсұлу Жеңісқызы Сиубаева «ІІ Халықаралық кітап басылымы» жобасына белсенді қатысты.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми – білім беру мекемелері арасында «Үздік жас ғалымдар-2020» номинациясында Нұрсұлу Жеңісқызы өзін үздік көрсетті.
Нәтижесінде біздің докторант ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының І дәрежелі дипломымен және «Үздік жас ғалымдар – 2020» медалімен марапатталды.
«Bolashaq» академиясы Нұрсұлу Жеңісқызын жеңісімен құттықтайды!
