2020 жылдың 27 сәуірінде “Bolashag” академиясының ректоры профессор Қ. Н. Меңлібаевтың күндізгі және сырттай оқу бөлімінің студенттерімен кездесуі өтті.
Скайп бойынша ЖОО жетекшісімен байланысқа 68 студент шықты.
Кездесу барысында аралық (жазғы) және қорытынды мемлекеттік емтихан өткізу мерзімдері мен форматтарына, сондай-ақ оқу ақысын кейінге қалдыруға, төлемге жеңілдік беруге қатысты сұрақтар қойылды.
Барлық қойылған сұрақтарға ректор толық жауап берді.