25.12.2023 ж. “Bolashaq” Академиясының Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының оқытушылары Р.Р. Ганеев, Г. Ш. Оразгалиева, сондай-ақ ИН-21-1к тобының студенті А.К. Киева Қарағанды қаласының №3 гимназиясына кәсіби бағдар беру жұмысы аясында барды.
9-10 сынып оқушыларымен әңгімелесу өткізілді, оның барысында оқушыларды ЖОО-ның артықшылықтарымен, оның ұйымдастырылуымен, білім беру бағдарламаларымен және оқудан тыс қызметімен таныстырды.
Сонымен қатар, студенттер “Bolashaq” Академиясында әр студенттің интеллектуалды және физикалық тұрғыдан дамуға мүмкіндігі бар екенін білді, өйткені академияда әртүрлі үйірмелер, жеке радиостанция және студенттер өз мақалаларын бере алатын “Лимонад” журналы жұмыс істейді.