Түлектермен кездесу

29.03.2024 жылы түлектермен жыл сайынғы дәстүрлі онлайн кездесу өтті. Онлайн кездесуге ДОВ 20-2 тобының студенттері Әбіш Толғанай, Бөкен Алтан, ДОВ 12-2 тобының өткен жылғы түлектері Қуанышбай Фариза, Жүнісова Гүлжан, Қордабай Назерке, оқытушылар Шалтаева Роза Жиембайқызы, Жанысбаева Роза Мазрапқызы қатысты. Студенттер дипломды болашақ қорғауға, тестілер тапсыруға қатысты сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Түлектер өз кезегінде студенттерге дипломдық жұмысты қалай жазу керектігін, өз жұмыстарының болашақ қорғаныс жоспарын құру туралы өздерінің тілектері мен кеңестерін берді.

Бөкен Алтан тәрбиешілерді аттестаттауға қатысты сұрақ қойды.Қуанышбай Фариза жаңа біліктілік талаптары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Кездесу соңында ДОВ 20-2 тобының студенттері мен түлектер телефон алмасып, одан әрі қарым-қатынасты жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.