2023 жылы 6В04201 – “Құқықтану” Білім беру бағдарламасы бойынша академиямызды үздік бітірген түлегіміз Әбілжанов Әділет қазіргі уақытта Ұлытау ауданы, Сәтбаев қаласының ПБ-де кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы, полиция лейтенанты болып жұмыс істейді.
Академия үшін оның түлектерінің оқу бітіргеннен кейін мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы осы жолда атқарылған жұмыстың нәтижесі болып саналады.
Әбілжанов Әділет Академияға және профессор-оқытушылар құрамына алғысын білдіріп, оқытушылар өз ісінің ең үздік, тәжірибелі, сауатты және білікті шеберлері екенін атап өтті.
Болашақта түлектер тек жақсы жетістіктермен және жоғары үлгеріммен қуантсын. Біздің түлектер білікті маман болады және болашақта еліміздің дамуына лайықты үлес қосады деп сенеміз.