
3-11 желтоқсан аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері арасында Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері» пәні бойынша республикалық оп-line олимпиадасын өткізді.
Олимпиада студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу, парасаттылықты қалыптастыру және дамыту, сондай-ақ ең дарынды және талантты студенттерді іріктеу және қолдау мақсатында өткізілді.
Регламент бойынша олимпиада екі турдан тұрды.
Бірінші іріктеу турында қатысушылар тестілеуден өтті.
Екінші турда қатысушылар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізі ретінде парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру және дамыту» тақырыбына ғылыми жобалардың бейнефайлдарын ұсынды.
Олимпиада қорытындысы бойынша Ю-20-1 тобының студенті Свечников Александр «Шығармашылық көзқарасы үшін» номинациясында жеңімпаз атанды.

Заң пәндері кафедрасының ұжымы Александрды жеңісімен құттықтап, оған жаңа жетістіктер тілейді!
Жумжумаев Н.С., «Әділет» студенттік ғылыми үйірмесінің жетекшісі