Жаңа оқу жылы өз жаңалығымен келді. Биыл магистратура бөліміне Қытай Халық Республикасының азаматы – Мұқамеджан Бағашарды қабылдаған едік
Заңдық мамандығы бар, отыз жыл бойы сол елдің сот жүйесінде қызмет істеп, екі жыл адвокат болған кәнігі заңгер. Сол себепті Қытай елінің заңдарынан етене хабардар жан. Енді елге келіп, ғылымға бой ұру мақсатын көздепті.
Бұрын да ҚХР мен Қазақстан Республикасының заңдарын салыстырып, саралауға арналған еңбектері Қытай елінің тиісті басылымдарында жарық көрген екен.
Енді міне, Қазақстан Республикасының азаматтығын алып, жағасы жайлау болып, қуанышымен бөлісуде. “Сізге – сәттілік!” – деп, ақжолтай тілегін айтты академия ректоры. Ақжарма тілекке біз де қосыламыз.