Біз терроризм мен діни экстремизмге қарсымыз!

2021 жылғы 28 мамырда діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Instagram әлеуметтік желісінің платформасында он-лайн режимінде “Bolashaq” академиясының студенттерімен Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кездесу өтті.

Қарағанды қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің дін істері секторының маманы Әсел Тоқжұманова студенттерге интернет ресурстарының, әлеуметтік желілердің қауіптілігі, деструктивті ақпаратты таратудағы жауапкершілік туралы айтып берді, сондай-ақ жастарды өз достарының діни сенімдерін құрметтеуге шақырды.

Эфир Қарағанды қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің дін істері секторының ресми парақшасында сақталды:

https://www.instagram.com/p/CPXyOCWqhwr/

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.