«Біз террорға қарсымыз»

11 қыркүйекте «Bolashaq» академиясында студенттерге арналған «Біз террорға қарсымыз»тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәріс қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушыларымен және әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректормен бірге өткізілді.

Студенттермен әңгіме барысында экстремистік топтардың, әлеуметтік топтардың деструктивті әсері, сондай-ақ терроризмнің заңдық аспектілері талқыланды.

Лаңкестікке қарсы әлеуметтік роликтер, 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та, 2004 жылдың 1 қыркүйегінде Бесландаық актілердің документалдық фильмдері қаралды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.