Білім-өмірлік құндылық

Білімді адам – елдің баға жетпес қазынасы. Ұлттың болашағы әрқашан білімді жастардың қолында. Білім-бұл өмір бойғы байлық. Біздің білімімізді ешкім ешқашан ала алмайды. Біз мектептен, мұғалімдерімізден, университет қабырғасынан білім аламыз. Осылайша біз білім беру жолымызды бастаймыз.

Білімді адамның өмірі әрқашан бақытты және жарқын болатыны түсінікті. Білім біздің қараңғы өмірімізді жарықтандыратын шам сияқты. Біз біліміміздің арқасында өмірдегі кедергілер мен мәселелерді шеше аламыз. Нақты әрекеттер мен білімнің арқасында біз өз мақсаттарымызға жетуде белгілі бір жетістіктерге жете аламыз.

Сонымен, біз жоғары білім алып, қалаған мамандығымыздың иегері боламыз және сүйікті оқу орнымызбен қоштасамыз.

Мен, Жолтай Айболған, “Bolashaq” Академиясының “Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасы бойынша оқыдым, терең білім алдым, үлкен тәжірибе мен рухани тәрбие жинадым, кафедраның аға оқытушысы, доцент Р.Х. Әбдірахмановтың жетекшілігімен қорытынды дипломдық жұмысын сәтті қорғадым. Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: “Қазақ тіліндегі көмескі мәнді фразеологизмдер”. Мен жазған дипломдық жұмысты қорғау барысында тақырыпты барынша ашуға, зерттеу жұмысының өзектілігін анықтауға, алған білімімді көрсетуге тырыстым.

“Bolashaq” Академиясының барлық оқытушыларына, оның ішінде “Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасының ұжымына, кафедра меңгерушісі мен кураторына ерекше алғысымды білдіремін!

К-19 тобының студенті

Жолтай Айболған

“Bolashaq” Академиясы

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.