Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының аға оқытушысы Г. Т. Таликова 2019 жылы 18-19 қарашада “Назарбаев Университеті” ДББҰ базасында білім беру бағдарламаларын (curriculum design) және силлабустарды (syllabus design) әзірлеу бойынша семинар-тренингтен өтті. Мақсаты: жоғары оқу орындарында академиялық саясаттың тиімділігін арттыру үшін кәсіби дағдылар мен құзыреттілікті дамыту. Іс-шара форматы: стратегиялық сессия, интерактивті пікірталас, тренинг, жобалық топтарда жұмыс, практикалық семинар.

